Конкурс » Коммунальное государственное учреждение "Бестерекская средняя школа сад и пришкольным интерната имени М.Хасенова"
Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің
«Мектеп жанындағы интернаты бар Мешітбай Хасенов атындағы Бестерек орта мектеп-бақшасы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
август
2022

Конкурс

     Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Мектеп жанындағы интернаты бар Мешітбай Хасенов атындағы Бестерек орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген  Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде КОНКУРС  ЖАРИЯЛАЙДЫ :

1.ШҚО, Үржар ауданы, Бестерек ауылы, Мира көшесі №40 Б мекен жайында орналасқан ШҚО білім басқармасы Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Мектеп жанындағы интернаты бар Мешітбай Хасенов атындағы Бестерек орта мектеп-бақшасы» КММ-ң бастауыш сынып мұғалімі  (тұрақты)

Бастауыш сынып мұғаліміне   қойылатын  біліктілік  талаптары :

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс. Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер – 5 жыл. Педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл

Лауазымдық міндеттері:

Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады,

      білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.

      Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады.

      Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды.

      Электронды журналдарды толтырады.

      Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.

      Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.

      Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.

      Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді.

      Арнайы (түзету) білім беру мекемелерінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

      Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.

      Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.

      Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.

      Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

      Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды.

      Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

      Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.

      Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

      Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.


Лауазымдық жалақысы: Еңбек сіңірген жылдарына байланысты 217 174 -247 150 теңгеге дейін 

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі, орны:  Хабарландыру жарияланған күннен бастап құжаттар 7 жұмыс күн ішінде мына мекен-жайға өткізілуі тиіс: ШҚО Үржар ауданы Бестерек ауылы Мира көшесі 40 Б  анықтама   байланыс телефондары872230 29090

Конкурсқа  қатысу  үшін  кандидат қызметті берушінің кеңсесіне, не Мемлекеттік корпорацияға не порталға мынадай құжаттарды береді: 

 1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 

2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі және үйден оқитын балаларға сабақ беруге арналған кәсіби даярлықтан өткендігі туралы куәлік.

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) түйіндеме.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады. 

Аталған  құжаттардың  бірінің  болмауы  кандидатты  конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.