Министрлік «Егеменде» жарияланған мақалаға жауап берді Толығырақ:
Қазақстан географиясы оқытылады Жуырда еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанның» 2018 жылғы 17 қаңтардағы санында «Қазақстан географиясы» пәні оқытылмай ма?» атты мақала жарияланған болатын. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі сіздер көтеріп отырған мәселені Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ сарапшыларымен бірлесіп зерделеді. Еліміздің географиясын оқу, әрине, білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие жұмысында, болашақ ұрпақтың