"Алтын жүрек анамыз" » Коммунальное государственное учреждение "Бестерекская средняя школа сад и пришкольным интерната имени М.Хасенова"
Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің
«Мектеп жанындағы интернаты бар Мешітбай Хасенов атындағы Бестерек орта мектеп-бақшасы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
февраль
2018

"Алтын жүрек анамыз"

«М. Хасенов атындағы Бестерек орта мектеп- бақша және мектеп жанындағы интернат» КММ
Өзін - өзі тану пәнінің негізін салушы, Қазақстанның бірінші ханымы, ел анасы С. А. Назарбаеваның туған күніне орай «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында ашық сабақ туралы
Мәлімет
Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызы білім беру ісінің атқаратын рөліне тоқтала келіп былай дейді: «Біз нақ осы білім беру арқылы қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарын қалпына келтіруіміз керек. Ол әр адамның өз бойындағы туа бітті қабілет-қарымын толық жүзеге асыруға, сол арқылы мемлекетімізге, тіпті жер жүзіндегі барша елге пайда келтіруіне мүмкіндік жасалатын болады». «Өзін өзі тану» пәні – бұл сөздердің нағыз куәсі болып табылады. Әрбір тұлғаның өз дамуында жалпы адамзаттық құндылықтарға арқа сүйеуі өте маңызды нәрсе.
«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»онкүндігінің аясында өзін - өзі тану пәнінің негізін салушы, Қазақстанның бірінші ханымы, ел анасы С. А. Назарбаеваның туған күніне орай «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында Шотамбекова Гүлфайраз Каримовнаның ұйымдастыруымен ашық сабақ өтті. Сабақ мақсаты: Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс - шаралары, еліміздегі адамгершілік - рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы - өзара түсіністікпен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіре отырып, «Өзін - өзі тану» әлемінің басты мақсаты - ұл - қыздарымызды жеке өзімен және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу.
Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу. Сабақ барысында Сүйіспеншілік құндылығы басты назарға алынды.
Сабақтың өту барысы:
Сәлемдесу. Оқушылар хормен:
Иіліп сәлем бердік атқан күнге! Иіліп сәлем бердік қонақтарға!
Иіліп сәлем бердік ұстаз сізге! Иіліп сәлем бердік достар бірге!деген өлең жолдарымен амандасты.

Таңғажайып сәт ұйымдастырылып, байланыс бөлімшесінен пошташы келіп, Сара апайларынан арнайы ашық хат әкеліп табыстады.
.
Хат мәтінімен танысқан оқушылар жүрек шар арқылы Сара Назарбаеваға жүрекжарды тілектерін жеткізді.

С.А. Назарбаева жайында бейнеүзік көрсетіліп, бейнеүзік сабақтың «Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар» дәйексөзімен байланыстырылып, дәйексөздің мағынасы ашылды. Оқушылар мұғалімнің көмегімен сабақта қаралатын негізгі құндылық- сүйіспеншілік туралы өз ойларын білдірді.

Мазмұны бойынша күн бейнесінде ассоцация құрылды

Сыныбымыздың әншісі Рамазанова Сән «Анажаным» атты тамаша әнін барлық асыл аналарға арнады.

Сыныптағы суретке икемі бар балалар «Асыл анама» тақырыбында суреттерін салып, қорғады
Сыныптағы домбырашылар «Келіншек» күйімен қонақтарға ерекше қуаныш сыйлады.

Туған күн әнімен сергіту сәті орындалды.

Сабақтың соңында «Жүректен жүрекке » әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерін жүрекке жазып, жапсырды. Сабақтың соңында қонақтарға сөз беріліп, қорытындыланды.