Қамқоршылық кеңес » Коммунальное государственное учреждение "Бестерекская средняя школа сад и пришкольным интерната имени М.Хасенова"
Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің
«Мектеп жанындағы интернаты бар Мешітбай Хасенов атындағы Бестерек орта мектеп-бақшасы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
сентябрь
2020

Қамқоршылық кеңес

Күн тәртібі:

Жаңа 2020-2021 оқу жылының басталуы туралы

Қатысқандар: 9

  1. Мектеп директоры- Е.Коштаев
  2. Оқу ісінің меңгерушісі- Б. Тилеуканова
  3. Тәрбие ісінің меңгерушісі- С. Сагындыкова
  4. Әдіскер- Н. Коппаева
  5. Шаруашылық ісінің меңгерушісі- Г. Оспанова
  6. Медбике- А. Тлеубаева
  7. Қамқоршылық кеңестің төрайымы- Г. Субебаева
  8. Ата- аналар комитетінің төрайымы- С. Омарова
  9. Қамқоршылық кеңестің хатшысы- Г.Чоканаева. 

Сөз алды Е. Коштаев :

Құрметті, жиналысқа қатысушылар, биылғы төтенше жағдайға байланысты, Білім және Ғылым министрлігі Сан Пин талаптарын қатаң сақтай отырып, оффлайн режимде бастауыш сыныптардың оқуына рұқсат берді. Біздің мектебімізде бастауыш сыныпта 6 сынып комплект бар, онда  93 оқушы білім алады, оның 5-і интернат тәрбиеленушілері. 5- 11 сыныптарда 11 класс комплект бар, білім алушылар саны-  171 оқушы, интернат тәрбиеленушілерінің саны- 20 оқушы. Қазіргі таңда 5 а, 5б, 6б, 8б, 11а сыныптың 67  ата- анасынан балаларын кезекші сыныптарда оқытуға өтініштер түсіп отыр.   Осы өтініштерді негізге ала аудан әкімінің орынбасарының  атына қатынас хат жолданды. Қамқоршылық кеңестің шешімімен Сан Пин талаптарына сай 180 оқушыға дейін мектепте кезекші сыныптарда сабақ өткізуге мүмкіндігіміз бар. Сол себепті осы сыныптарды штаттық режимде оқытуға сіздердің ойларыңызды ортаға салуларыңызды сұраймын.

Сөз алды. Г. Сүбебаева:

Біз бұл сыныптардың штаттық режимде оқуына қарсы емеспіз, дегенмен бізді сабақ кестесі, қоңырау кестесі, кабинеттер мәселесі, мектептің санитарлық- гигиеналық жағдайы  қалай шешілетіні алаңдатады.

Сөз алды. Б. Тилеуканова:

Сабақ кестесі мен қоңырау кестесі онлайн сабақтарға кедергі келтірмейтіндей икемделіп жасалады. Әр сыныптың мектепке кіру уақыты әр түрлі құрылады. Осыған сәйкес сыныптардың сабақ басынан аяғына дейін бір –бірімен кездеспеуі қамтамасыз етіледі. Сабақ кестесін жасауда санитарлық талаптар қатаң сақталып, пәндердің қиындық деңгейлері ескеріледі. Әр кабинеттің сыртына сабақ кестесі мен қоңырау кестесі ілінді. Мұғалімдерге кабинеттер арасында жүріп-тұруға, мұғалімдер бөлмесіне баруға, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады. Барлық жедел жиналыстар қашықтан өткізіледі. Оқыту кезінде мына талаптар қатаң сақталады:сыныпта 15 баладан артық ; сабақ ұзақтығы – 40 минут (1-сыныпта – сатылы режим); үзіліс сыныптар үшін әртүрлі уақытта болады;Әр білім алушы жеке парта мен орындықта отырады. Оқу үстелдерінің ара қашықтығы – 1 метр. Оқушы жеке оқу материалдарын – оқулық, дәптер, мектеп жабдықтарын пайдаланады.

Сөз алды. С. Сагындыкова:

Әр сыныпқа әр түрлі есіктен кіріп шығуға ыңғайлы 7 кабинет таңдалып, жиһаздары оқушының жас ерекшеліктеріне сай жабдықталды. Мектептің кіре берісіне оқушыларды қабылдау пункті жасақталды. Ол жерде оқушылардың ара қашықтығын қамтамасыз ететін сызбалар жасалып, оқушыларды кабинеттерін көрсететін нұсқаушы сызықтар жасалды. Әр есікке қай сынып қай уақытта кіретіні кестеге салынып, ілінді. Сыныптарда сынып бұрыштары жаңартылып, санитарлық бұрыштар жасақталды. Мектептің схемасы сызылып, құжаттары жинақталды. Әр кіре беріс  есіктің және кабинеттің жанына жауапты кезекшілер бекітілді. Мектепте қоңырау соғылмайтындықтан, сабақтың басталуы мен аяқталуын хабарлау кезекшілерге жүктеледі.

Сөз алды. Г. Оспанова:

Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектеп ішіндегі   әжетханалар іске қосылды. Қоңырау кестесін басшылыққа ала отырып әр екі сабақтан кейін сыныптарға ылғалды тазалау жұмыстарын, ауысымдар арасында мектепті дезинфекциялау, кварцтау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Мектеп есігінен бөгде адамдар кіріуіне жол берілмейді.

Сөз алды. А. Тлеубаева:

Оқушылар мектепке маскамен келуі қадағаланады. Кіре беріс есіктерге санитайзерлер орнатылып, температураны өлшеу үшін тепловизорлар қойылған. Медбике әр оқушының температурасын өлшеп, дене қызуы жоғары оқушылардың мектепке кіруіне жол бермейді. Сонымен қатар созылмалы ауырулары бар оқушылар мен мұғалімдердің мектеп кірмеуі қадағаланады. Мектеп ішінде санитарлық бұрыштар  жасақталып, ата-аналарға, оқушыларға арналған жадынамалар ілінеді.

Сөз алды. С. Омарова:

Мектептің жаңа оқу жылына дайындығына көңіліміз толады. Меніңше кезекші сыныптардың оқуына мектепте барлық жағдай жасалған. Сондықтан санитарлық талаптардың сақталып, аталған сыныптарды штаттық режимде оқытуға қарсы емеспін.

Сөз алды. Г. Сүбебаева:

Мен С. Омарованың айтқанына толық қосыламын. Аталған сыныптардың штаттық режимде оқуына қарсы емеспін.

Сөз алды. Е. Коштаев:

Құрметті, жиналысқа қатысушылар, күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша ешкімнің қарсылығы болмаса, төмендегідей шешім шығарылсын:

Шешім.

2020-2021 оқу жылының басталуына байланысты, МАДТ топтары, 1-4,  сыныптары санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, штаттық режимде оқытылсын.