15
июнь
2026
"Тарбағатай"оқу-сауықтыру орталығындағы қызықты іс-шаралар.
"Тарбағатай" оқу-сауықтыру орталығындағы кезекті күніміз қызықты әрі мазмұнды өтті. Балалар таза ауада серуендеп, табиғат аясында көтеріңкі көңіл-күймен уақыттарын өткізді. Қызығушылықтарына қарай ұлттық ойындар, қолөнер, би және сурет үйірмелеріне қатысып, өз қабілеттерін шыңдады.
Кешкі уақытта лагерьдің ең жарқын шараларының бірі – «Лагерь ханзадасы мен ханшайымы» атты байқау ұйымдастырылды. Қатысушылар өз өнерлерін, шығармашылықтарын және тапқырлықтарын көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.Балалардың лагерьдегі әр күні жаңа әсерге, көтеріңкі көңіл-күйге және қызықты сәттерге толы өтуде.