Қазақстанда сәуір айынан бастап 1-сыныпқа құжаттар қабылдай бастайды » Коммунальное государственное учреждение "Бестерекская средняя школа сад и пришкольным интерната имени М.Хасенова"
Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің
«Мектеп жанындағы интернаты бар Мешітбай Хасенов атындағы Бестерек орта мектеп-бақшасы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
март
2021

Қазақстанда сәуір айынан бастап 1-сыныпқа құжаттар қабылдай бастайды

     Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары 2021 жылғы 1 сәуірден бастап мектепке онлайн-өтініш бере алады
 Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап ауданымызда жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныбына құжаттарды қабылдау бойынша электрондық жүйе жұмыс істей бастайды. Биылғы жазда әр ата-ана мектепке өтінішті өткен жылғыдай үйден шықпай онлайн режимде бере алады.
 Аталған қызметті ата-аналар электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) www.egov.kz порталы арқылы ала алады. Өтініштерді 24/7 режимінде беруге болады, осылайша ата-аналар жұмыстан немесе үйден мектепке онлайн режимде өтініш беру мүмкіндігіне ие болады.
 Өтініш беру үшін сайтқа кіріп, қажетті ақпаратты толтырып, тиісті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу керек. Олар – 026/у-3 үлгісі бойынша «Баланың денсаулық құжаты»; 063/у үлгісі бойынша баланың денсаулығы жөніндегі құжат және 3х4 өлшеміндегі екі фотосурет. Құжаттар толық болмаса және скан-көшірмелерді оқу қиын болса, қызмет көрсетуден бас тарту мүмкін.
 Компьютер немесе интернет болмаған жағдайда, ата-аналар жақын маңдағы мектепке барып, қызметкерлерден көмек сұрай алады
.